07
November
2023
Қоғам қайраткерi Ғабдуллин Мәлiк Ғабдоллаұлының туғанына 108 жыл
Бүгін Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигi, КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының академигi, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегi сiңген қайраткер, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, аса көрнектi педагог, жазушы, қоғам қайраткерi Ғабдуллин Мәлiк Ғабдоллаұлының туғанына 108 жыл толды.М.Ғабдуллин 1915 жылы қарашаның 15-жұлдызында Көкшетау облысы Зерендi ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келдi.
1941-1945 жылдары атақты Панфилов дивизиясының құрамында болып, Мәскеу қаласын қорғауда ерлiгiмен көзге түсiп, сол ерлiгi аңызға айналған Мәлiк Ғабдуллиннiң есiмi Ұлы Отан соғысы тарихында алтын әрiптермен жазылған.
Немiс-фашист басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерлiктерi үшiн 1943 жылдың 30 қаңтарында КСРО Жоғары Кеңесiнiң Жарлығымен «Ленин» орденi және Алтын Жұлдыз медалiмен марапатталып, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
БЕЙНЕЖАЗБА