2020-2021 оқу жылының ашылуы
«М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп» Education Department of Kerbulak districtнде 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған іс-шара «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 28.08.2020 жылғы №310 бұйрығына сәйкес құрылды. Короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты іс-шара қашықтан өткізілді. «Кезекші сыныптарда» атаулы іс-шара әр сыныпта тәрбие сағаттары түрінде қатаң санитарлық талаптарды сақтап өткізілді. Қашақтан оқытылатын сыныптар үшін тәрбие сағаттары қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттары «Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры», Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, «Абай- дара, Абай – дана» тақырыптарында өткізілді.
Білім күнінің өткізілуі туралы ақпарат, суреттер инстагам парақшасына салынды.
