Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тарих пән бірлестігінің онүндігі»
11
декабрь
2020

«Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тарих пән бірлестігінің онүндігі»

«Тұғыры биік   Тәуелсіздік»  атты  тарих   пән  бірлестігінің онүндігі»

11.12-20.12.2020

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы:«Тұғыры биік  Тәуелсіздік»

Мақсаты:Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым   және практика  жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау

Міндеті: Білім деңгейін көтеріп,оқушылардың  сапалы білім алуына қызығушылығын арттыру.Азаматтық пен елжандылыққа тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

2020-2021  оқу жылы қашықтықтан өткізілу барысында  тарих пән бірлестігігің онкүндігінің   ең алғашқы ашылуы тарих пән мұғалімдері өткізетін сыныптан тыс сабақтың тақырыбы  мен  мерекелік құттықтау сөзімен   басталды. 

       «М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  тарих пән бірлестігінің «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында 11.12.2020-20.10.2020 жыл аралығында                                  өткізілетін  онүндік   кестесі

                   Тақырыбы 

Өткізілетін күні 

Сыныбы 

Жауапты мұғалім

1

Онкүндіктің ашылуы

11.12.2020


Тарих пән бірлестігі

2

«Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый»

11.12.2020

7 А

М.Маменова

3

«Тәуелсіздік нұры»

14.12.2020

Н.Сарсебаева


4

«Тәуелсіздік –тұғыры биік тұлғасың»

14.12.2020

 5 А

Б.Молдашева

5

«Түркі әлемінің бесігі Түркістан қаласына виртуалды істан қаласына виртуалды 3D тур»

15.12.2020

   9Б

М.Тогайбаева

6

«Тарих беттерінен үзінді»видеоролик көрсету.

16.12.2020


М.Маменова

7

Онкүндіктің жабылуы

17.12.2020


Б.Молдашева


 Тарих пәнінің мұғалімі Маменова Мадина Ануарбекқызының тарих пән бірлестігінің онкүндігі аясында өткізген іс-шара бойынша  мәтіндік есебі

Желтоқсан айының 11-20 аралығыда тарих пән бірлестігінің еліміздің тәуелсіздік мерекесіне орай  «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты апталығы болып өтті. Апталық барысында  7 «А» сыныбында «Тәуелсіздік  - тәңірден келген тәтті сый» атты тақырыпта ашық онлайн тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:   -Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау. Міндеті: Тәуелсіздіктің 29 жылдығының атап өтілуінебайланысты өтілген сабақта жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу.
 - Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
 - Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
 - Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.

Сабақ барысында тәуелсіздік тақырыбында сөз бастау үшін ,сол оқиғаның орын алған жерін көрсету барысында желтоқсан оқиғасы болған алаңда болып қайттық. «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне барып бүгінгі ұрпақ атынан тағзым жасап, гүл шоқтарын қойып келдік. Онлайн сабақты жүргізу барысында оқушылар көптеп атсалысты. Сабағымыздың басында осындай ұлы күнге қол жеткізіп, егемен ел болып, тәуелсіз егемен ел атанып, өз рәміздерімізді мақтан етіп отырған шақта гимнсіз бастамау мүмкін еместігін көрсеттік. Оқушылар тәуелсіздік мерекесіне арналған өлең-жырларын ортаға салды. Сондай –ақ желтоқсан оқиғасы барысында құрбан болған аға-апаларының өткен өмірлерінен үзінді оқып, оларды мақтанышпен еске алды.Сонымен қатар сабақ барысында Қайрат Рысқұлбековтің өмірінен ой толғайтын көріністі те ойдағыдай сомдап шықты. Сабақ соңына қарай Тәуелсіздік қазақ халқының мақтанышы екеніне ой салатын ой толғамдар айтылып, қазағымыздың қасиетті қара домбырасымен күй жолдадық.

Қорыта келе айтарым,сабақ барысында  оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан білімдерін толықтырып, жан-жақты мәліметтерге талқылау жасады. Ел болашағы бүгінгі жастар деген Елбасы сөзін ұстанған оқушылар Қазақстанның болашағы зор, әрі әлем деңгейінде көк туымыздың көрінетіндігіне сенетіндіктерін, сондай-ақ осы белеске жетуде болашақ жастардың үлесінің мол екенін айтып өтті.

 Тарих пәнінің мұғалімі Молдашева Баянның мәтіндік есебі.

11-20 желтоқсан  аралығында тарих пәні бірлестігінің  еліміздің  тәуелсіздік мерекесіне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік»  атты апталығы болып өтті.Осы апталықта менде өз оқушыларымның жүрегінде отанға, елге,жерге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында  5 «А» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік тұғыры биік тұлғасың атты»сыныптан тыс іс шара жүргіздім. Бұл іс шарада балаларға Тәуелсіздіктің бізге оңай бұйырмағанын көзбен көрсету мақсатында балаларды Алматы қаласында орналасқан  «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне барып, желтоқсан көтерілісінде қаза тапқан ұлтжанды ата апаларымызды еске алып қайттық.Балалр сынып арасында өлеңдер оқып, Қазақстан жүрегім тақырыбында суреттер салып өз өнерлерін паш етті. Оқушылар арасында осы іс шараға белсене қатысқан: Асан Абдумалик,Шамшидин Инкар,Алмабаева Дания,Нүсіпбай Алдияр,Тұрсынжан Толғанай,Эдил Имран,Әукен Әлімхан, Мұратбек Мағжан,Болат Әбілқайыр.Еліміздің  мерейін үстемдететін осындай мерекелеріміз көп бола берсін.

Тарих пәнінің мұғалімі Тогайбаева Мақпалдың мәтіндік есебі.

Ең алдымен тақырып табу барысы мені ойландырды себебі сыныптан тыс іс шарада қызықты сабақ өткізу менің ең басты мақсатым болды.


  • Тогайбаева Макпал Лесбековна
     “Түркі әлемінің бесігі Түркістан қаласына виртуалды 3D тур”
      9 “Б” сынып                                                                              15.12.2020

     Мақсаты: Қазақстанның ежелгі  қаласы   Түркістан, Қожа  Ахмет  Яссауи кесенесі  туралы   білімдерін тереңдету . Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік  қорларын   байыту, ойын  жүйелі  түрде   жеткізе білуге  дағдыландыру.
     • Тарихи  ескерткіштерді, ежелгі  орындарды құрметтей  білуге, Отанына, туған  жерге   деген сүйіспеншілік  сезімдерін оятуға   тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Оқушылар Түркістан  қаласының тарихи   орны  туралы мәлімет  алады . Оларды  салыстыра  отырып ,  киелі Түркістан қаласына жинаған  деректерін саралай   талдай біледі. 

Кіріспе сөз:Мұғалім сөзі:Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар. Қазақ халқының сондай қасиетті жері - Түркістан қаласы. Бұл қала тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. :
 Бұл сыныптан тыс іс шараны 9 «Б»сыныбымен өткіздім.Балалардың тақырыпқа деген қызығушылығы өте жоғары болды.Себебі , киелі Түркістан қаласы туралы жан жақты  ізденісте деректер жиналды.


 9 «Б»сынып оқушысы Мырзақмет Ақниет Түркістан қаласына байланысты видео сабақ дайындады. Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие  ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар.Кеңес Аңсар-қазақша Баймерекова Ерке -орысша ,Сайлаубек Жадыра –ағылшынша Түркістан қаласына байланысты деректер айтты. Тақырыпқа сай   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістан қаласы жайында айтылған сұхбаты барысында видео сабақ  сыныптан тыс іс шараның бастапқы кезеңіне кіріктірілді.

Сыныптан тыс  сабақ барысында соңғы кезеңінде 9 «Б»сынып оқушысы Сайлаубек Жадыра Түркістан қаласына виртуалды 3 D тур саяхат ретінде    Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне саяхат жасалды.Атақты Әмір Темірдің пәрменімен салынған Арыстан бап, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері мен басқа да жүздеген мазарларда тегі түркі, сүті қазақ бабаларымыз жерленген.Қожа Ахмет кесенесі – діни ғұламалар мен әулие-әнбиелерді, хандар мен билерді, батырлар мен ақындарды, атап айтқанда халық үшін өзін арнаған тұлғаларды жерлеген үлкен қабірстан (пантеон). Енді бір жағынан сол бабалардың ғақлиялы өмірі мен ұлағатты іздерін ұрпақтарға жеткізетін идеологиялық ілім ордасы.Міне осындай Түркістан өлкесі күллі түркінің көз тіккен жауһары атанып, әр пенде барып көруді армандайтын орталыққа айналды. Рухани ордамызға айналды.

         16 желтоқсан  күні тарих пән бірлестік мұғалімдері  “Тарих беттерінен үзінді” видеоролик  көрсетті.Видеоролик барысында 1991 жылдан бастап 2020 жылдар аралығындағы тарихи оқиғалар презентация ретінде баяндалды.

       Апталықтың жабылуы  қорытынды ретінде тарих пән мұғалімдері өткен  сыныптан тыс сабақтары бойынша қорытынды презентация видео ролик көрсетті.Жалпылама тарих пән бірлестігінің апталығы өз деңгейінде өтті, мұғалімдер мен оқушылар жан- жақты қамтылды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив