Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2021

«Жас маман» мектебі

Педагогикалық ұжымда оқытушының әдістемелік деңгейі мен шеберлігін көтеру мақсатында «Жас мамандар» мектебі құрылған. 2020 – 2021 оқу жылында мектебімізде 1 жас маман қызмет етуде. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлімберді Гүлзира Елеубекқызы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің түлегі. 

 Жас маманмен атқырылатын жұмыстың жылдық жоспары бекітілді, оның жетекшісі болып педагог – зерттеуші  Жақып Жайдар Қабылтайқызы  тағайындалды.

Жас маманның кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ай сайын қашықтықтан зум және вацап   платформалары арқылы отырыстар, әңгіме-кеңестер  өткізілді.

Жас маманның кәсіптік шеберлігін арттыруда, оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру мақсатында әдістемелік көмектер көрсетіліп, озат педагогтардың іс – тәжірибелерімен таныстырылылды

 «Жас маман» мектебінің  мақсаты: Жас мамандарға педагогика және психология саласында теориялық және практикалық сұрақтар туралы әдістемелік көмек пен консультациялар өткізуді ұйымдастыру . Жас маманды педагогикалық ізденістерге үйрету, ұстаздық шеберлікке тәрбиелеу, қазірігі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгерту.

Міндеттері: 

  • Заман талаптарына сай сабаққа  қойылатын талаптарды зерттеу;
  • Педагогикалық инновацияны үйрену , меңгеру , дамыту;
  • Сабақ типологиясын зерттеп, игеру.


Жас мамандармен қамтамасыз етілуі 


Оқужылы

0 стаж

3 жылғадейін

2019-2020

5

17

2020-2021

1

11

2021-2022

3

13




Былтырғы оқу жылында келген жас маман Әлімберді Гулзира Елубекқызы  өз жұмысына тиянақты қарайтын, жаңашылдыққа бейім, тіл табысуда қиындық тудырмайтын жетістікке ұмтылатын ағылшын тілінің  маманы екенін байқалды. Деңгейлік курстан өтпеген, оқытушылық қызметті жаңадан бастап отыр.  Жас маман 1 «А», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г», 2 «Е», 3 «А», 3 «Б», 3 «В», 4 «А», 4 «Б»   сыныптарында сабақ береді. Сабақ жүктемесі 20 сағат. 

            Жас маманмен бірлесе отырып 2020-2021 оқу жылына арнап  жұмыс жоспарын құрдық. Жоспарға сәйкес төмендегідей іс-шаралар  атқарылды.

Жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс бағыты бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы таныстырылды.

2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен жан-жақты таныстырылып, ағылшын тілі пәні бойынша қажетті ақпараттар алды. 

Өз пәні бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспары таныстырылды.   

Мектеп құжаттамасымен жұмысқа көмек бағыты бойынша электрондық журнал Kundelік,bilimland.kz порталдарымен жұмыс жүргізунұсқаулығы берілді.

Жас маман бітірген оқу орнынан алған ҰМЖ және ҚМЖ құрастыру бойынша алған біліміне қосымша ақпараттар берілді.

Жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру бағыты бойынша мектептің жұмыс режимімен және ішкі тәртібімен таныстырылды. Мектеп кітапханасының кітап қорымен  жұмыс уақытымен таныстырылды.

            Жас маман «Сапалы жоспар – табысты сабақ кепілі»  атты аудандық вебинарға қытысты. «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» тақырыбында облыстық жас мамандарға арналған вебинарға қатысты. «Тәуелсіздік тірегім» атты аудандық онлайн форматта өткізілген челленджге қатысып, патриоттық тәрбие туралы видеоролик әзірледі.  Сабақты ұйымдастыруға көмек бағыты бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын  және Kundelік,bilimland.kz порталдарымен жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді. Жас маманның сабақтарына Whatsapр, ZOOM арқылы қатысу келесі айдан бастап жоспарланды. 

Мектеп құжаттамасымен жұмысқа көмек бөлімі бойынша электрондық журнал Kundelік,bilimland.kz порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылап, кәсіби әңгіме жүргізілді. Кәсіби әңгіме жүргізу нәтижесінде Kundelік,bilimland.kz порталдарымен жұмыс істеуді жақсы меңгергені анықталды. ҰМЖ және ҚМЖ құрастыру барысында сабақтың мақсатын қоюда біраз қиындықтар байқалды. Мақсат қою туралы әдістемелік көмек көрсетілді. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар атқару жоспарланды.

Жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру бағыты бойынша жаңа оқу жылындағы балдық жүйенің шкаласымен таныстырылды.  Қашықтықтан оқыту барысында бейне сабақтар жүргізуге  әдістемелік көмек берілді.  Қашықтықтан оқыту барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын бірлесе талқылау

Жас маманан қажетті әдістемелік көмек қажеттілігін анықтау мақсатында  сауалнама алынды. 

Жас маманның педагогикалық қызметін бағалау бағыты бойынша жас маманның алғашқы іс-тәжірибесінің деңгейін анықтау  мақсатында алғашқы  қашықтықтан өткен сабағына директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Хожахметовамен бірге  қатыстық. Өткізген сабағына талдау жасалды. 

Жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру бағыты бойынша оқу тапсырмаларын дайындау тиімділігі жайлы ақпарат берілді. 

Жұмыс барысында кездескен қиындықтарын анықтау арқылы кәсіби шебірлігінің деңгейін саралау мақсатында жас маманан  сауалнама алынды. 

Жас маманмен кәсіби әңгіме жүргізу барысында өзіндік даму «Сабақта қолданылатын тиімді әдістер» тақырыбы анықталды.     

Сабақты ұйымдастыруға көмек беру мақсатында жас маманға І тоқсандық қорытынды шығару бойынша, жиынтық бағалау қорытындысын жасау, есеп тапсыруға бағыт-бағдар берілді. 

Болжау жұмыстарын жасауға және талдауға көмек беру бағыты бойынша с абақ жоспарын жасау, қысқа мерзімді жоспар жасауда сабақтың қай бөліміне басымдық беру қажет екенін түсіндірілді

Жас маманның сабақ жүргізу кезінде меңгерген әдіс-тәселдерін қолдану мақсатында  сабағына қатыстым . Сабақтан соң жас маманмен кәсіби әңгіме жүргізіп, сабақ талданды.   Жас маманды тәлмігер ретінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ф.Каированың сабағына қатыстырып, кері байланыс алынды. 

Сабақты ұйымдастыру кезінде  видеосабақтарды қалай түсіру туралы нұсқаулық берілді. Ағылшын тілі пән бірлестіктерінің сыныптан тыс сабақтарында әріптестерінің сабақтарына қатыстырылды. 

Жиынтық бағалауды жинақтап, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін толтыруы туралы ақпарат берілді. 

Жас маманмен оқу бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында күнделік кз.ке сабақ жоспарларының енгізілуі және уақытылы толтырылуы қадағаланды. Сағат санын шығару, мемлекеттік стандарттың орындалуы туралы ақпарат берілді.  

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерін сабақ барысында қолдануы туралы әңгіме кеңестер жүргізіліп әртүрлі әдіс-тәсеклдермен таныстырылды.  

Жас маманға әдістемелік көмек көрсету мақсатында  сабағына қатысып, әдіс-тәсілдерді  орынды қолдану жайлы кәсіби әңгіме жүргізілді. 

Оқушымен ортақ тіл табыса білу жолдарын мектеп психологтарымен талқылап семинар тренинг өткізіп, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдай алуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Қашықтықтан оқыту кезінде Whatsapр, ZOOM арқылы сабақ жүргізу тиімділігі жайлы әдістемелік көмек берілді. 2021 жылдың 11-21 қаңтар аралығында жас мамандар қалалық әдістемелік кабинет ұйымдастырған оқыту семинарларына қатысып, компьютерлік технологияның көптеген мүмкіндіктерін меңгерді. Жас мамандар қашықтықтан оқыту барысында сабақтарына бейнесабақ түсіріп үйренді. Ол сабақтарын әлеуметтік желіге таратты.

Жас маманның өзін-өзі дамыту жоспарын талқылап, бақылау жұмысы жүргізілді.

Оқытусеминарынақатысқанжаспедагогтар:

·    АлдабергеноваА ”Анимациялықбейнесабаққұруәдістемесі»

·   ЖакенБ  “ИнтернеттегісабақтардаEdpuzzleплатформасынпайдалану»

· Кәрім Ж “ҚашықтаноқытудаISpringSuiteконструкторыныңмүмкіндіктерінпайдалану”., “Интерактивтітесттерқұруқызметі-GoСonqr»

·  Фартдинова Н ” ҚашықтықтаноқытудаGoogleқосымшалары мен LIVEWORKSHEETS құралдарынпайдаланутиімділігі».


АӘТ

Сабақтыңтақырыбы

Бейнесабақтақырыбы

Алдабергенова Алия

«Әдептілік-әдемілік» тәрбиессағаты

https://www.instagram.com /p/CLwBMFpA_1Z/?utm_=copy_link

КәрімЖансая

«Оңай математика»

https://www.instagram.com /tv/CLqCR3eArXQ/?utm_=copy_li

ФартдиноваНурслу

«Клуб любителей кубика и рубика»

https://www.instagram.com /tv/CLo3UT9gxna/?utm_=copy_link

Бекболатова     Адина

«В зоровом теле- здоровый дух»

https://www.instagram.com/tv/CLZj4qgAKdF/?utm_=copy_link

Жакен Баян

«Юный эколог»

https://www.instagram.com/tv/CKjM8tSgW_N/?utm_=copy_link

ӘлімбердіГүлзира

«Funny English»

https://www.instagram.com/tv/CKaq8MBASmP/?utm_=copy_link


Жасмамандардыңкәсібибайқауларғақатысуы: 

1.«Qaztest.kz» орталығыIV Республикалық«Үздікжас маман» байқауыныңжүлдегерібастауышсыныпмұғаліміНұртөреқызыАқзия, 2020 ж

2.«Qaztest.kz» орталығыIV Республикалық«Үздікжас маман» байқауыныңжүлдегері математика пәнмұғаліміКәрімЖансая, 2020 ж

3.«Qaztest.kz» орталығыIV Республикалық«Үздікжас маман» байқауыныңжүлдегері математика пәнмұғаліміЖорабекМырзағали, 2020 ж

4.«Qaztest.kz» орталығыIV Республикалық«Үздікжас маман» байқауыныңжүлдегері математика пәнмұғаліміФартдиноваНурслу, 2020 ж

5.«Qaztest.kz» орталығыIV Республикалық«Үздікжас маман» байқауыныңжүлдегеріағылшынтіліпәнімұғаліміЖакен Баян, 2020 ж

2021-2022 оқужылындакелген 2 жасмаман  «Орта білім беру мазмұнынжаңартуаясындапәнмұғалімдерініңкәсібибіліміншыңдаужәнепәндікқұзіреттілігінарттыру» тақырыбындабіліктілікарттырукурстарынанөтті. 







Жасмамандардыңбіліктілікарттырукурстарытуралы:

Курстар

2018-2019 оқужылы

2019-2020 оқужылы

2020-2021 оқужылы

Қысқамерзімді

3

1

0

Жаңартылғанбағдарлама

5

1

2

Қашықтықкурстар


12

16







Жоспар бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берілді.Жылдық қорытындысын анықтау үшін жас маманнан сауалнама алынды.  Жас маман 1 жылдық алған тәжірибесінің қорытынды ретінде рефлексивті есебін берді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив