Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2020

Ұлы Абайға 175 жыл

«М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің 

 «Абай –дара, Абай-дана қазақта..» атты

   аудандық семинар өткізген туралы

мәлімет.


Семинар   мақсаты:Абай өлеңдері арқылы ұлттық құндылықтарды 

 дәріптеу, тағылымды тәрбиенің төрт тағанын  Абай поэзиясы арқылы  ұрпақ жанына сіңіру. 


Семинар қонақтарын   Алматы облыстық филармониясының М.Төлебаев атындағы  ұлт аспаптар оркестірі  Абайдың музыкасымен, әнімен   қарсы алды. 

 




Семинарды мектеп директоры Г.Ашеева кіріспе сөз сөйлеп, келген құрметті қонақтармен таныстырып. 

1.Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, журналисттер одағының мүшесі, «Президент әлемі» мұражайының ғылыми жетекшісі Көсемова Ақлима Рақымбердіқызы

2.Қанатқұлова   Шара Қанатқұлқызы - «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы

 Қонақтарға сөз берді.  

Көсемова Ақлима Рақымбердіқызы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына тоқталып қызықты мәліметтермен бөлісті.

Семинарға  қатысушыларға  мектеп психологі Кукузова Мерей тренинг өткізді. Қатысушылар   Абай ауылының  тарихымен танысты. 


Семинар барысында 6 «Б» сыныбында «Абай және музыка» атты кіріктірілген сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султанакынова Саюзхан мен  музыка пәнінің мұғалімі Шарбатхан Гүлзира өткізді.  Сабақта  оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңілім тоярсың» әнін нақышына келіп орындады.Сабақтың соңында Өнердегі Абай- Азамат Сатыбалдының оқушыларға Абайдың даналығын туралы айтып өтті..




Музыка пәнінің  мұғалімі Жақып Жайдар  «Қазақтың 25 халық әні» атты шебер-сынып өткізді. Шебер сынып   мақсаты: «Халық әндерінің музыкалық бітіміне назар  аударып қана қоймай, әннің  шығу кезеңі мен тарихи танымын зерттеу; халық әндерінің тарихы болмысынан аутқымай заманау эстарда жанрымен  сабақтастыру.



Абайдың «Көзімнің қарасы»   музыкасына сөздерді әрлендіру барысында



Шебер-сыныптан аудан мұғалімдерімен   естелік


Шебер –сыныптан кейін  « Абай-дара, Абай –дана қазақта...» әдеби кеш өз жалғасын тапты. 

             Әдеби кеш Абай Құнанбаевтың бейнесімен  ашылды.  Абай мен Тоқжанның маххабат диалогіна   қойылым көрсетілді, оқушылар Ұлы ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Мектеп оқушыларынан құрылған хор «Қараңғы түнде тау қалқып» орындау  барысында, эстетика пән мұғалімі Еспотанова Дарияның  жетекшілігімен мектебіміздің аудандық , облыстық байқауының жеңімпазы өнерлі жас суретші Касенова Айгерім  осы әннің   мәтініне, уақытына  сәйкес,көркем бояулармен салып, көрермендерге сыға тартты. 

                                                                        «Көзімнің қарасы...»     



                                                                Ұлы Абай Құнанбайұлының образы


«Жүрегімнің түбіне терең бойла....» әдеби монтаж


Мектеп оқушыларынан құралған хор «Қаранғы түнде тау қалғып» әнін орындап, эстетика пәнінің мұғалімі Еспотанова Дария Инкарбекованың жетекшілігімен аудандық, облыстық байқаудың жеңімпазы, жас суретші Әйгерім Касенова осы әннің мазмұнына сай салынған сурет көрерменге сыйға тартты.






Эстетика пәндер  бірлестігінің ұстаздары 


Семинардың әрлендіру жұмыстарын  эстетика пән мұғалімдері өздерінің Абай өлеңдеріне арнап салған суреттері мен кесте, қолөнерлерінен көрме ұйымдастырды: 

Еспотанова Дария, Несіпбава Бақыт, Тоқтасын Гулнур





Ұлы   Абайдың  175 жылдық мерей тойына орай  Абайдың әндерін орындау эстафетасын  М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі  Байсалбаев орта мектебіне жолдады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив