Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есеп
01
июнь
2023

Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есеп

«М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есеп
         Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың қолында. Білім беру жүйесіне еніп отырған реформалардың ең соңғысы озық, алдыңғы қатарлы елдердің білім беру жүйесінен алынған тұлғаға бағытталған сындарлы оқыту теориясы Lesson study зерттеу сабағын оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына әсер ететін педагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл. Сол себепті сыныптар арасында төменгі сапа беріп отырған 6 «Е» сыныбына Lesson study зерттеу сабағын жүргізуді ұйғардық. Зерттеуге таңдалып алынған  6 «Е» сынып, сыныпта 23 оқушы, оның ішінде 10 қыз, 13 ұл.   Білім сапасының көрсеткіші 34 %,  оқу екпінділер – 9. Сынып жетекшісі Өрісбекқызы Назгүл. 
 Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.
Зерттеу кезеңін 3 мерзімге жоспарладық: күзгі мерзім, қысқы мерзім, көктемгі мерзім .
 Зерттеу сабағын жүргізу үшін:
 1.  L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші және психолог мамандар болды.
 2. Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге                 6  «Е»сыныбын алдық. Себебі, ол сыныпта оқушылардың сабаққа деген ынтасы төмен деңгейде болды. Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша негізгі пәндерді алдық.
  1. Математика 
  2. Орыс тілі
  3. Қазақ тілі
  4. Жаратылыстану
  5. Ағылшын тілі
     
     
Зерттеу тобының  мәселесі: Оқушыларды жұптық, топтық жұмыстарда белсенділігін арттыра отырып анықтау.
Lesson Study зерттеу мақсаты:
  • 6 «Е» сынып оқушыларымен оқыту мен        оқудағы жаңа тәсілдерді қолданып оқушының білім сапасын көтеру ;
  • оқушыларды тыңдалым, оқылым, жазылым арқылы топпен жұмысын дамыту;
Күзгі мерзімде үш пән бойынша зерттеу сабақтары өткізілді. 
  •     6 «Е» сыныптан үш оқушы зерттеуге алынды:
– Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және психолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі жақсы , мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытады , тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы. 
«А» деңгейлі оқушы –  Сұлтанова Аружан
«В» деңгейлі оқушы – Вуколова Камила
«С» деңгейлі оқушы –  Ахмедов Жумабай 
  
Мұғалімдердің   сабаққа жоспар құру сәті
№ 1 зерттеу сабағы математика сабағын жоспарлау барасында зерттеу мақсатын негізге ала отырып сабаққа келесі тапсырмаларды еңгіздік:
1 тапсырмада  
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап   дайындалды;
2 тапсырмада жеке жұмыс. 
Болымды және болымсыз сандарды теріп жазу, сандарды  өсу ретімен орналастыру
3 тапсырмада   жұптық жұмыс. Орындаған тапсырмаларын слайдтағы жауаптарымен өздерін бағалау 

 
                                                                                        4 тапсырмада жеке жұмыс.
Модульдері тең емес таңбалары әртүрлі екі санды қосу,
Үлкен модульден кішісін алып тастау . Алынған санның алдына сол санның белгісін қою.
5- тапсырмада топпен жұмыс. Практикалық тапсырмаларды шешуде оқылған материалды бекіту.  Оқушылардың бірнешеуі тақтада өздерінің шығарған есептерін көрсетеді, қалған оқушылар шығарған есептерді тексеріп, талдайды. 
 Математика сабағында   
«А» деңгейлі оқушы сабақтың әр этапында  белсене қатысты. Көңіл күйі жақсы болды, бірақ топпен  бірлесе жұмысы болмағанмен жеке өзі жауап беріп отырды.
«В» деңгейлі оқушыны зерттеу кезінде   топпен жұмыста тапсырмаларды орындауға ұмтылды, өз пікірін анық айта алмады. «С» деңгейлі оқушы сабақ барысында жеке тапсырма жасағанда 3 – ші кезеңде белсенділік танытты. Жұптық жұмыста да сабаққа жақсы қатысып отырды. Топтық жұмыста қатыспай шетке қарап отырды.
Бақылауда болған «А», «В», «С» деңгейлі 
 оқушылар күткен нәтижеге сай жұмыс жасады.
 № 2 зерттеу сабағы  орыс тілінен «История празднования Нового года. Разряды   имен числительных по строению» тақырыбына жоспар құрылды. А оқушы мен В оқушыға белсенділігін арттыру үшін жұптық тапсырма беру, С оқушыға топпен жұмыста белсенділігін арттыру үшін нақты рөлдік жұмыс берілетіндігі ұсынылды. Сабақ тақырыбының мақсаты анықталды, сабақтан күтілетін нәтиже  белгіленді.
А,В,С  деңгейдегі оқушыларға бағытталған жұмыс түрлері еңгізілді. 
 Оқушылар орыс тілі сабағында карточкамен жұмыс жасауда.
№2 зерттеу сабағы    Мұғалім орыс  тілі пәнінен «История празднования Нового года. Разряды  имен числительных по строению»  тақырыбында сабақ өтті. «А» деңгейлі оқушы сабаққа белсенділік көрсетті. Алғашқылардың бірі болып жауап беріп отырды.  Сабақта толық көшбасшылық белсенділігі байқалды. 
 Сұрақ – жауапқа толықтай жауап берді. Орташа деңгейдегі белсенділік төмен болмады.
 Өз ойын еркін жеткізді, өзін – өзі бағалай біледі. «В» деңгейлі оқушы сабаққа жақсы
қатысты,  топпен жұмыста белсенділік көрсетті. Топтық жұмыста  №2 тапсырманы және
 негізгі бөлім карточкамен жұмыста белсенділігі төмен болмады.Өз ойын нақты , ашық жауап берді. Өзіне сенімді рефлексияда 5 санын көрсетті. Сабақтағы көңіл күйі тамаша болды.
«С» деңгейлі оқушының көңіл күйі жақсы, бірақ ойы шашыраңқы болды, сабаққа қатысқанмен  көп алаңдап отырды, постер қорғағанды ұнатады екен. №3 зерттеу сабағы    
жаратылыстану пәнінен «Образование и получение веществ» тақырыбына жоспар құрылды. Сабақта сын тұрғыдан ойлау стратегияларын, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, мәтінмен жұмыс.  Мозайка әдісі, Джиксо әдісін сабаққа   еңгізілді. Сабақ тақырыбының мақсаты анықталды, сабақтан күтілетін нәтиже  белгіленді. «А» деңгейлі оқушы топтың мүшелеріне бағыт беріп отырды, бірлесе жұмыс жасай білді. Джигсо әдісімен барлық топқа түсіндірді. Мозайка әдісімен жұмыста қызығушылығы артты. Сергіту сәтінде көңілі көтеріңкі болды. «А» оқушы   топпен жұмыстың мағынасын түсінді, себебі тобындағы басқа оқушыға постер қорғауға мүмкіндік берді.
«В» деңгейлі оқушы топта «А» деңгейлі оқушымен бірге отырып қалды, бірақ ол оған кедергі болмады. Өткен сабақты сұраққа жауап беру арқылы қайталауда  жауап беріп отырды. Видеоны мұқият қарап, тыңдады. Мәтінмен жұмыста бірден кірісіп кеткен жоқ, топтың мүшелері оқып болған соң өзі оқыды. Джигсо әдісімен бір бірімен оқытуда «В» оқушы  тыңдап отырды, ойы шашыраңқы болғандықтан бірде тыңдап, бірде тыңдамай отырды. Мозайка құрастыруда белсенді қатысты..
 «С» деңгейлі оқушы  сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыс барысында өз идеяларын ашық айта білді. Бірлесе жұмыста «С» оқушының қызығушылығы артты, Мозайка әдісі оған қызықты болды. Сергіту сәтінде өзін көрсете білді, көңіл күйі көтеріңкі болды. Берілген   тапсырманы  оңайлықпен  орындады.
Келесі қысқы мерзімде үш мектептің мұғалімдерімен бірлесіп Lesson study зерттеу сабақтары жүргізілді. 
Зерттеу сабағының мақсаты: Әр түрлі әдіс- тәсілдермен оқушылардың білім сапасын көтеру.
Зерттеу мәселесі: 6 "Е" сынып оқушыларына "Ұжымдық оқыту" әдісі арқылы  мәтінді мазмұндау қалай әсер етеді?
 Математика сабағында 
Математика   пәнінің мұғалімі Исаева Н. №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.
 Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.
  Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.
 №1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша 
 қайта жоспарлап, зерттелетін 2-ші Қазақ тілі  пәні бойынша №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. 
 Сабақтың тақырыбы: Отырарлық ғалым. Мұғалім сабақты «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылаумен бастады. 
 Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс 
Оқушыларға мәтін таратылды, тапсырма мәтінге тақырып қою және мәтіннің түсінігін өз сөзімен жазу,  суретті пайдаланып, жеке жұмыс Отырар қаласы туралы мәтін жазды. «Мәліметтер сөйлейді» әдісі, «Кластер сызу» әдісі т.б. әстерді қоланды. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын   бақылаушы болды.
  Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік. Нәтижесінде, А оқушы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушы – 
 түсінгенін жазды, мәтінге тақырып қойды. С оқушысы – өз ойын, түсінігін жаза алмады.
 
 
 №3  зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағы ағылшын  пәні болды. Сабақтың тақырыбы: «Исчисляемые и неисчисляемые» Пән мұғалімі: Сауытова В.  Ол осы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келді. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. 1- тапсырмада   суреттерді сөздермен толықтыру болды. 2- тапсырма «сәйкестендіру» әдісін қолданды. 3- тапсырмада «Суретті сөзжұмбақ» әдісі, кесілген бұйымдарды таңдағанда, қорапты есептелетін жіне саналмайтын зат есімдермен толтыру тапсырылды. А оқушы сабақтың барлық кезеңінде белсенді қатысып отырды, өз ойын толық жеткізбеді. Өзіне сеніммен қарап бағалады. 
В оқушы сабақтың басында белсенділік көрсетті. Жұптық жұмыстарды орындауда  және жақсы түсінетіндігі байқалды. С оқушы үй тапсырмасын орындамаған, сабаққа белсенділік танытпады. Топпен жұмыста жауап беріп, сабаққа қатысып отырды. Оқулықпен жұмыс кезінде, тыңдалым, жұппен жұмыс тапсырмасын дұрыс орындады. Өз ойын жеткізу деңгейі орташа болды. Өзін – өзі жақсы бағалады. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.
Келесі көктемгі  мерзім. 
Зерттеу тақырыбы:  оқу материалымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу сұрағы: Қалыптастырушы оқытудың қандай тиімді түрлері оқу материалымен жұмыс істеу кезінде оқушының өзін-өзі реттеуін арттыруға көмектеседі?
Зерттеу мақсаты: сабаққа белсене қатысу,   тапсырмаларды орындауда шығармашылықпен қарау, сыныпта өз пікірін ашық айту.
Күтілетін нәтиже:
А оқушы:
- сабаққа белсене қатысу 
- тапсырмаларды орындауда шығармашылықпен қарау
- сыныпта өз пікірін ашық айту
- топтық және жұптық жұмыстарда үйлестіруші қызметін атқарады
- өз жұмысыңызды және өзгенің жұмысын бағалаңыз
В оқушы:
-  жұптық жұмысқа қатысу
- пікір айта  білу
- бастама көтере алады
- еңбегіңізді бағалаңыз
С оқушы: 
- тапсырманы бірге орындаңыз
- ынтымақтастықта жұмыс істеу оған оқуға мотивация береді
- мұғалімнің сұрақтарына жеке жауап береді
- өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білу
 Зерттеу сабағы орыс тілі  сабағы болды. Пән мұғалімі Г. Айткажина. Сабақтың тақырыбы: «Исследования формирования навыков саморегуляцииучащихся при работе с учебным материалом» 
Бұл сабақта «Кім жылдам?» әдісін қолданды. Оқушылар 1-ші тапсырма орындады. Осы тапсырманың орындалуын мәтіннен оқыды. Тапсырманың 1-ші орындалуы мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды.
 Орыс тілі сабағында 
 А оқушысы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтінді оқу тапсырмасын беріп қана қоймай, оқылым дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір 
 циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.
 Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:
•Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
 •Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
 •Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
 •Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
 •Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
 •Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
 •Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
 •Оқушының оқуы жақсарады.
 
 
 •Функционалдық сауаттылығы дамиды.
 •Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
 Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.
 К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.
                            6 «Е» сыныбының білім сапасының көрсеткіші 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив