Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі
02
ноябрь
2021

Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі

"Алматы облысының білім басқармасы"мемлекеттік мекемесінің "Дене тәрбиесі,спорт,алғашқы   әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  Еңбекші қазақ ауданында волейболдан ұлдар, қыздар арасында өткізілген облыстық чемпионат өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесі бойынша М.Ғабдуллин орта мектебінің 9-11 сынып қыздары 3-ші, М.Ғабдуллин орта мектебінің 7-8 сынып қыздары 3-ші орын, М.Ғабдуллин орта мектебінің 5-6 сынып қыздары 3-ші орындарға ие болды

Мақсаты: 

Ø  адам денсаулығын сақтау және нығайтудың нақты мүмкіндіктері туралы кешенді ғылым ретіндесалауатты өмір салты туралы түсінікті жинақтау;

Ø  дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданудың адам ағзасына пайдасын біліп, жасөспірімнің дұрыс тамақтану мәдениеті сақтап, зиянды заттар мен әдеттерден бойын алшақ ұстауға тәрбиелеу.   

Міндеттері:

  • бала денсаулығын сақтау және нығайту; 
  • бала денсаулығына қатысты   қамқорлық жасау;

ü  оқушының оқу процесіндегі жұмыс қабілетін жақсартып, арттыру;

ü  оқушылардың өз денсаулығын сақтауға және зиянды заттарды пайдаланудан қашық болу жауапкершілігін арттыру;

ü  қоршаған орта факторлары негізінде оқушылардың өз денсаулығын және ахуалды сыни бағалауын қалыптастыру.

Салауатты өмірді қолдауда оқушылардың физикалық және психикалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік жасау, олардың қимыл біліктілігі мен дағдыларын ғана жетілдіріп қоймай, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қалыптастыруда қыркүйек айында денсаулық күніне орай«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты ұранмен  мектепте акциясы өткізілді. Ақцияға 1-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Д.Бургамбаев және дене тәрбиесі пәні мұғалімдері  «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» аттымен флешмоб ұйымдастырды. «Спорт-денсаулық кепілі»  тақырыбында эстафеталық жарысты 5-8 сыныптар арасында  дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ж.Чотбаев пен Д.Оразхан,  Е.Бұрылша, А.Қуандықов өткізді. «Елімнің болашағы-салауатты отбасы» волейболдан жарыс ты 7-8 сыныптар арасында дене тәрбиесі пәні мұғалім Д. Манас, баскетболдан жарысты М.Киламбаева, С.Жанакбаева  спорт алаңында ұйымдастырды. «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында мектептің мәжіліс залында 2-4 сыныптарға мектептің медбикесі Ж.Темирбаева баяндама жасап , Н.Байтугелова  денені дұрыс шынықтыру  туралы пайдалы кеңестер берді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында қашықтықтан өткізу байқауы өткізілді. Байқауға  дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ж.Чотбаев қатыстырылды. Ішек ауруларының алдын алуда және вирусты гепатит В ауруының алдын алуда «Таза қол» акциясы 1-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Акция ауқымында бастауыш сынып оқушылары сурет көрмесіне тақырып бойынша суреттерін ұсынды. Сонымен қатар, мектеп медбикесі Т.Баисова  мен сынып жетекшілері оқушыларға жеке бас гигиенасы мен қатар жеміс-жидектерді және көкеністерді пайдаланар алдында тазалап жуып жеу туралы ақыл-кеңестерін айтып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Ал сынып жетекшілері «Гепатит В»  тақырыбында диктанттар алды.



 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив