Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2020

Қамқоршылық кеңесінің №1 отырысы

«М.Ғабдуллин  атындағы  орта мектеп» КММ

Қамқоршылық кеңес отырысының

Хаттама №1



05.09.2020 ж                                                                                         Абай ауылы

Қатысушылар саны-14


Күн тәртібінде:

  1. Қамқоршылық кеңесінің  жұмыс жоспарын құру, бекіту
  2. Мектептің санитарлық жағдайы, кезекші сыныптардың ұйымдастырылуы
  3. «Мектепке жол»  акциясы аясында жетім, жартылай жетім, көпбалалы және АСП алатын отбасылар ішінен көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау. Қашықтықтан оқуға дайын емес оқушыларға   мектеп тарапынан компьютер, моноблокпен қамтамасыз ету.
  4. Көмек көрсетуде демеушілерді тарту.
  5. Оқушылардың қашықтықтан оқуға дайындығы .


 Әр түрлі мәселелер


  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өзгеруі

Тыңдалды:

          Мектеп директоры Г.Ашеева  қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектептегі кезекші сыныптардың жұмыс ұйымдастыру ерекшілігін таныстырып өтті. Барлығы 4 кезекші сынып  90 оқушы қамтылып, қашықтықтан анықталу жағдайы туралы ақпаратпен бөлісіп, санитарлық эпидимиологиялық талаптардың қаншалықты деңгейде орындалып жатқаны көрсетілді. Жалпы мектепке 1 санитарлық дәліз, бірнеше кілемше, әр сыныпта санитайзер мен дәліздерде қолды зарарсыздандыру құралдарының қойылуы, оның саны көрсетілді.

         Қамқоршылық кеңес мүшесі  Ниязбакиева Надира сыныпта оқушылардың бетпердені үнемі киіп жүру туралы сауал қойып, нақты жауап алды. Санитарлық нормаларда көрсетілген талаптар туралы түсініктеме жасалынды.

         Кезекші сыныптарда тазалақ сақтау шараларының жүзеге асырылу реті, уақыты, қолданған маска, перчаткаларды сақтау орны да көрсетілді. Сондай-ақ мектеп басшысы қашықтықтан білім алып жатқан балалармен жұмыс жасап жатқан білім беру платформалары туралы толық ақпарат беріп өтті. Балалармен тікелей байланысқа шығу, тапсырма беру, оны тексеру, бірлескен әрекет жасау, онлайн мектеп тапсырмаларын орындау және нәтижесін шығару жолдары көрсетіліп, практикалық жұмыстар жасалды. Қашықтықтан оқыту барысында туындаған қиындықтар жайлы қамқоршылық кеңесмүшелері ойларын ортаға салып, мектеп тарапынан қандай шаралар, әрекеттер қолдану қажеттігі туралы талқылайды.

        Әлеуметтік  педагог   А.Мырзабек   жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасы балаларына қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін көрсетілген көмек түрлеріне тоқталды. 

2020 жылғы № 135 бұйрығы негізінде құрылған комиссия мүшелері А.Айнабекова, Д.Бургамбаев, С.Бабаева, А.Мырзабек, Қ.Шакиров барлығымыз   сынып жетекшілерден келіп түскен өтініштер негізінде оқушыларға  АКТ   жасалғандығы айтылды. 1-11 сынып жетекшілерінен оқушылардың компьютер, ноутбук, смартфондармен қамтылуы және интернет желісіне 3g\4g арқылы кіре алу мүмкіндіктері анықталды. Нәтижесінде 27 отбасыдан өтініштер келіп түсті. Өтініштер негізінде оқушылардың тұрмыс   жағдайын көру мақсатында          2,3  қыркүйек күндері 2020 ж.  оқушылардың үйлерін араладық. Нәтижесінде:

  1.  3 «Б» сынып  оқушысы Сәбит Нұрислам, көпбалалы отбасы. Мектепте 3 оқушы оқиды.
  2.  9 Г сынып оқушысы Снегирев Сергей және 5Г сынып оқушысы Снегирев Илья  көпбалалы отбасыдан, аз қамтылған отбасыдан шыққан.   Оқушыларға телефон алуға мүмкіндіктері жоқ.
  3. 3Г Сертдемир Ясмин толық емес отбасы, анасы жұмыс істмейді, балаға телефон немесе компьютер алуға мүмкіндігі жоқ.
  4. 6 Д сынып оқушысы Ержанова Томирис, әкесі ғана жұмыс істейді. Анасы үй шаруасымен үйде отырады. Көпбалалы отбасы.
  5. 4Г сынып оқушысы Закария Бауыржан, толық емес отбасыдан шыққан. Әкесі жасенов Серикжан ғана жұмыс істейді. Көпбалалы отбасы. Мектепте 2 баласы оқиды. 
  6. 4Б сынып оқушысы Шакаров Ахмад, көпбалалы отбасы. Анасы Құсайнова А.Б- жұмыс істемейді. Әкесі жұмыс істейді.Мектепте 4 баласы оқиды.
  7. 3 Гсынып оқушысы Гайдарова Мадина көпбалалы отбасы, анасы үйде бала қарайында, әкесі жұмыс істейді. Отбасында 8 адам тұрады. Мектепте 3 қызы оқиды. 
  8. 5 А сынып оқушысы Меден Балжан, көпбалалы отбасы. Анасы жұмыс істемейді. Әкесі көлік жүргізуші болып істейді. Мектепте 3 бала оқиды.
  9. 9Г сынып оқушысы Алмурза Артем толық емес отбасы. Әлеметтік статусы- жалғызбасты ана, мектепте 3 бала оқиды. 7Г сыныптағы қарындасы Алмурза Анеляда жеке телефон бар, 4В сыныптағы Алмурза Арсен мен Артемда сабаққа кіруге мүмкіндігі жоқ.
  10.  6А сынып оқушысы Баймерекова Нүрбүбі жартылай жетім оқушы. Әкесі жұмыс істейді.Көпбалалы отбасы. Мектепте 2 баласы оқиды. Мепктеп бітірген әпкесі мен ағасы Нархоз колледжінде оқиды.
  11.  5А сынып оқушысы Ахметқали Нүркен  көпбалалы отбасы. Әкесі Д.Бургамбаев- Мектепте жұмыс істейді. Анасы – бала күтімімен үйде. Мектепте 3 баласы оқиды. 
  12.  7А сынып оқушысы Конгиратбаева Сабрина, көпбалалы отбасы, АСП алады, аз қамтылған отбасы. Анасы шаштаразшы болып жұмыс істейді. Сіңлісі Конгиратбаева Елнура 1 сыныпта оқиды. 
  13.  11Б сынып оқушысы Айбусинов Темирлан көпбалалы, аз қамтылған  отбасы. Анасы жұмыс істемейді. Әкесі көлік жүргізушісі. Мектепте 3 баласы оқиды.
  14.  5 В сынып оқушысы Мырзахмет Ақжарқын- көпбалалы, аз қамтылған отбасы, АСП алады. Мектепте 5  баласы оқиды.
  15.  7В сынып оқушысы Маткаримов  Дидар. Әлеуметтік статусы-жетім.
  16. 11Г сынып оқушысы Токсамбаев Нурлан. Әлеуметтік статусы-жетім.
  17.  5А сынып оқушысы Сұлтанұлы Қайсар, көпбалалы отбасы. Анасы- М.Ғабдуллин мектебінде математика мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал әкесі – жұмыс істемейді. Мектепте 3 баласы оқиды. Үлкен ұлы 9А сынып оқушысы Сұлтанұлы санжардың жеке телефоны бар, қалған Сұлтанұлы Қайсар мен Сұлтанұлы Ғанидың сабаққа анасының телефонымен кезектесіп кіреді.
  18.  6 А сынып оқушысы Кемелбек Асылбек көпбалалы отбасыдан шыққан. Мектепте 8А сыныпта Кемелбек Фатима және інісі 1А сынып оқушысы Кемелбек Бек-Сұлтан оқиды. Фатиманың жеке телефоны бар, Асылбек пен Бек-Сұлтан анаысының телефонымен кезектесіп оқиды.
  19.  5Б сынып оқушысы Керімбай Нұрдос толық емес отбасы. Квартирада тұрады. Анасы жұмыс істейді.
  20.  2Е сынып оқушысы Ключникова Ангелина толық емес отбасы, анасы жұмыс істемейді. Отбасында 2 бала.
  21.  9 В сынып оқушысы Зортанбек Амир көпбалалы отбасы. Анасы мен әкесі жұмыс істейді. Мектепте 4 баласы жұмыс істейді. Отбасында 11 В сыныптағы Лукман Еркебұлан мен 6Г сыныптағы Зортанбекова Лимарада жеке телефон бар. Амир мен 4Е сыныптағы Зортанбекова Іңкар анасының телеыонымен кезектесіп сабақ оқиды.
  22.  7Б сынып оқушысы Алходжа Ұлдана жартылай жетім, көпбалалы отбасы. Анасы Магнумда аспаз болып жұмыс істейді. Мектепте 4 баласы оқиды. 9А сыныптағы Алходжа Арайлымда жеке телефрны бар, қалған 3 оқушы анасының телефонымен кезектесіп оқитындығы туралы мәліметтер айтылды.


        Мектепке бұл 27 оқушыдан бөлек тағы да  аяқ астынан телефонымыз бұзылды, сабаққа кіруге интернетіміз болмай тұр деген сияқты себептермен өтініштер түсіп жатқандығы айтылды. Оқушылардың сабаққа күнделікті кіруін қадағалау туралы  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Баянбаева Асем сөз сөйледі. Сынып жектекшімен мектеп әкімшілігінің және сынып жетекші мен ата-ананың байланыста болуы туралы айтылды. Сондай жағдайларға арнап қосымша  аудандық білім бөлімне сұраныс жазылатындығы және демеушілерді  тарту жайлы әлеуметтік педагог А.Мырзабек  айтты  


       Қамқоршылық кеңесінің 2020 жылдағы бірінші отырысына 9 мүшенің  5-еуі келе алмады.  Кеңес төрайымына  алдын-ала ескертілуіне сәйкес  5 мүше, атап айар болсақ   ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,  денсаулық   жағдайларына байланысты  кеңес мүшелігінен бас тартқандығы туралы кеңес төрайымы Сыздыкова Л.Ж  айтып   өтті. Қамқоршылық кеңес мүшесі болуға келіп түскен өтініш негізінде  5 ата-ана, атап айтар болсақ ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,  өз ұсынысын білдірді.  


Шешімі: 

  1. Кезекші сыныптардың жұмысын ұйымдастыруда санитарлық талаптардың орындалуын, сапалы жүзеге асырылуын, күнделікті қадағалау, жауаптыларды бекіту.
  2. Балалардың білім беру платформасын жүйелі, әрі сапалы қолдануын сынып жетекшілер қадағалау, ата-анамен күнделікті байланыста болу.
  3. Сынып жетекшілер арқылы ата-аналар тарапынан түскен өтініштер бойынша АКТ жасалды. Өтініш берген 27 отбасының ішіндегі жоғарыдағы аталған 22 оқушы мектеп тарынан компьютер, моноблокмен қамтамасыз етілсін.
  4. Сабаққа кіруге мүмкіндігіміз жоқ деген оқушыларға арнап аудандық білім бөліміне  сұраныс жазу, демеушілерді  тарту. 
  5. Қамқоршылық кеңес мүшесі өзгертілсін.


Кеңес төрағасы:                  Л.Ж.Сыздыкова

Кеңес хатшысы:                Ә. Құлман

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив