17
март
2023
Қош келдің Әз Наурыз







Наурыз парсы тілінде «нау» жаңа, «руз» күн дегенді білдіреді. Яғни жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол - күнтізбелік жылдың үшінші айы, көктемнің басына келеді. Қазақтар оны Әз Наурыз мейрамы деп те атайды.Наурыз мерекесі табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.Ежелгі халықтар негізінен жаңа жылды табиғат жаңаруымен, яғни жер ұйқыдан оянғаннан кейін, көктем келуіне байланысты атаған. Наурыз мерекесі ең көне мейрам, оның тойланып келе жатқанына 13 мың жыл болды дейді ғалымдар.
Мектебімізде Наурыз мерекесіне орай 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттар өткізілді, ұлттық ойындар, дәстүрлер, ән би көріністер жасалды.
