Мектептің әдістемелік кеңесінің жұмысың нормативтік-ақпараттық құжаттар
- Лучший білім ресурстары мен технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасы көтеріліп оқушылардың функционалды сауаттылығы арттырылады.
- мектептегі озық тәжірибелер жинақталып таратылады.
- мектептегі оқыту әрекеттері оқу – тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыс арқылы жүзеге асырылады.
Мектептің барлық жұмыс жүйесін тұтастай байланыстыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі қазіргі заман жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелерін, тәсілдері мен түрлерін тиімді қолдануға байланысты артып отыр.
Мектептің әдістемелік кеңесінің жұмысы келесі нормативтік-ақпараттық құжаттармен реттеледі:
-ҚР «Білім туралы» Заңы;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
-ҚР «Тіл туралы» Заңы;
- 2020-2021 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.
-Мектеп жарғысы;
- Мектепішілік бақылау жұмыс жоспары басшылыққа алынды
- Мектептің жылдық жұмыс жоспары
Мектептегі әдістемелік жұмысының бағыттарына тоқталсақ;
- Педагогикалық кадрлармен жұмыс;
- Әдістемелік бірлестіктермен жұмыс;
- Пәндерді оқыту айлықтары мен апталықтарды дайындау мен өткізу;
- Деңгейлік курстар бойынша жұмыстар;
- Пәндік семинарлар, дөңгелек үстел , конференциялар;
- Пәндік бақылау, зерттеу жұмыстары;
- Мемлекеттік құжаттармен жұмыс.