Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
отдела образования Карасайского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Логопедтің ата-анаға кеңесі
25
ноябрь
2020

Логопедтің ата-анаға кеңесі

Логопед маманның ата-анаға арналған кеңесі
Үй жағдайында баламен сабақ жүргізуге арналған ата –анаға бірнеше кеңестер:
1.Баламен асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.
2. Әр іс- әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, домжинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.
3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді дұрыс қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.
4.Ашық сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді
5.Артикуляциялық жаттығу- бұл ерін мен тілге арналған жаттығулар. Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшықеті. Тілді дыбыс шығаруға қатысты нақты қимылдарды жасай алу үшін жаттықтыру қажет. Ерін мен тіл икемді әрі мықты болуы керек. Артикуляциялық жаттығуды орындау үшін айна қажет. Бала өзінің тілінің қозғалысын көріп отыруы қажет. Бала тіл жаттығуларын жаттағанға дейін қайталай беру керек.
6.Сабақ балаға ұнауы тиіс. Баланы мәжбүрлеп күш түсірген жөн емес. Баланың барлық нәрсеге деген қызығушылығы жоғалады. Аз-аздан бірнеше рет жасаған жөн. Солай балада дағды қалыптасады.
7.Саусақ жаттығуы- бұл ұсақ моториканы дамыту жолдарының бірі. Адамның қол мен мидағы сөйлеу орталығы аралықтарында тығыз байланыс барлығы ғалымдармен анықталған. .
8. Сабақ өткізетін жер тыныш, ыңғайлы болғаны жөн. Балаға бір затты түсіндіргенде көрнекі құрал қолданған өте тиімді. Сабақ барысында балаға дұрыс емес деп мүлде айтпаған жөн. Мейлінше баланы мақтап, мадақтау қажет.
9.Егер де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.
10. Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив