Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ бастауыш сынып бірлестігіндегі «Бастауышта қашықтықтан білім беру – заман талабы» атты онкүндігі
29
ноябрь
2020

Қазақ бастауыш сынып бірлестігіндегі «Бастауышта қашықтықтан білім беру – заман талабы» атты онкүндігі

2020-2021 оқу жылындағы қазақ бастауыш сынып бірлестігінің

«Бастауышта қашықтықтан білім беру – заман талабы» атты 

онкүндіктің қорытынды есебі

     «М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 17.11.2020 – 27.11.2020 аралығында «Бастауышта қашықтықтан білім беру – заман талабы» тақырыбында қазақ бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі өткізілді.


Мақсаты:Білімді шығармашылықпен қолдану, АКТ- ны қолдану, тілдік дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты өздігінен алу, тиімді қолдану, қарым - қатынас орнату. Достықта, ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Міндеті:

  • Шығармашылық, интеллектуалды қабілеттерін дамыту;
  • Жалпы пәндік, мәдени, теориялық білімдерін жетілдіру;
  • Сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.


Күтілетін нәтиже:

  • Мұғалімдер оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасады;
  • Оқушылардың шығармашылығы қалыптасады.


Онкүндік бағдарламасының кестесі


Тақырыбы

Мерзімі

Сыныбы

Жауапты мұғалім

Онкүндіктің ашылуы

17.11.20.


Бастауыш сынып

Бастауыш сынып мұғалімдері

«Алтын күз»


18.11.20.

1 «А»

Сейтова Н.

«Менің отбасым»


18.11.20.

1 «Б»

Бегмалиева С. 

«Денсаулық – зор байлық» 


19.11.20.

2 «А»

Оразбакова К.

«Менің елім – Қазақстан» мәнерлеп оқу

20.11.20.


2 «Б»

Мирзаканова Н.

«Мұражай – рухани мәдениет ошағы» мұражайға саяхат

23.11.20.

3 «А»

Ортаева С.

«Мейірімділік – асыл қасиет»


24.11.20.

3 «Б»

Космуратова А.

«Күз көрінісі» сурет көрмесі


25.11.20.

3 «В»

Мауленова А.

«Мен өнерлі баламын»

26.11.20.


4 «А»

Сарсенбиева А.

«Мектеп кітапханасы - білімнің қайнар көзі» кітапханаға саяхат

26.11.20.


4 «Б»

Бегалиева М.

Онкүндіктің жабылуы

27.11.20.


Бастауыш сынып

Бастауыш сынып мұғалімдері


      Қазіргі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онкүндік қашықтықтан оқу форматында өткізіліп, видеороликтер түсірілді. Барлық  өткізілген сабақтан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты. Әр сынып оқушылары өз тақырыптарына байланысты тақпақтар, өлең-жырларды мәнерлеп  айтты. Сабақтан тыс іс-шараларына байланысты өз ойларын да айта білді. Сурет көрмесіне қатысып, өз дәрежелерін көрсете алды. Сонымен қатар өз өнерлерін де паш етіп, шеберлі оқушы екендерін дәлелдеді. Мұражайға барып, өз әсерлерімен бөлісті. Қашықтық кезінде де мектеп кітапханасымен тығыз байланыста екендерін  көрсете білді.

Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің сабақтан тыс жұмыстарына тоқталсақ:

      17.11.20 күні «Бастауышта қашықтықтан білім беру – заман талабы» онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында онкүндіктің мақсаты, міндеті және бағдарламаның кестесімен таныстырылым видеоролик арқылы жүргізілді. 
18.11.20 күні 1 «А» сыныбында Сейтова Назым «Алтын күз» атты видеосабақ өткізді. 27 оқушының барлығы ат салысып қатысты. Табиғат аясында  күз тақырыбында өлеңдер оқыды. Күз туралы өз ойларын жеткізді. Райымбек Мұстафа, Мәждіт Тарғындар күз айларын атап, күз мезгілінің ерекшеліктерін әдемі айтып баяндады. Хайдар Фатима мен Қажымұрат Диастың киген күздік кастюмдері ерекше болды. Оқушылардың күз көрінісін бейнелеген суреттері, макеттері көрсетілді. Оқушылар күз мерекесіне арналған әндер тыңдап, күзгі жапырақтар жинап мәз мейрам болды. Оқушыларға сабақ өте ұнады.

      18.11.20 күні 1 «Б» сыныбында Бегмалиева Севара «Менің отбасым» тақырыбында кезекші сыныппен сыныптан тыс іс-шара  өткізді. Оқушыларға Отан отбасынан басталатындығын, отбасы туралы түсіндірді. Балалар отбасы туралы тақпақтар, мақалдар айтып, суреттер салды. Разбек Айзере өзінің отбасысы туралы бейнебаян жасады. Оқушылар әке-шешесіне, бауырларына мейірімді болу, отбасы мүшелеріне қамқор болу керектігін түсінді.

      19.11.20 күні Оразбакова Куляйхан «Денсаулық зор байлық» атты 2 «А» сыныбында сыныптан тыс сабақ жүргізді. Сынып оқушылары қашықтан оқыту кезінде айтарлықтай өз үлестерін қосты. Мақсаты: жас өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің болашағының жарқын болу жолдарын, қоғамда болып жатқан індеттің адам өміріне зиян екенін біле отыра, өздерін сақтау жолдарын естен шығармау керек екенін білу. Салауатты өмір салтын сақтау, естен шығармау, жеке бас гигиенасын сақтау жолдарын ұғыну. Осы мақсатты іске асыру жолдарын қарастыру үшін өз ойларын   көпшілікпен  бөлісті. Бұл ісшараға  ата-аналар  және оқушылар болып ат салысты. Атап айтса Әуік Нұрислам, Манарбек Жанел, Қожахмет Ілияс, Ығыш Бағлан, Намет Әсет, Кеңес Нұржан берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап өз үлестерін қосты. Олар Денсаулық сақтау жолдары, қазіргі кезде   жүріп жатқан індеттен сақтану жолдары туралы,сымбатты болу, спорттың денсаулыққа пайдасының барын, сонымен қатар     дұрыс  тамақтану, тазалық  сақтау жолдарын  ашық   және айқын екені туралы  бірнеше материалдар жинап, өлең  жолдарын  сонымен қоса видео  роликтер түсіріп  өз   үлестерін қосты. 

  20.11.20 күні Мирзаканова Несипкул 2 «Б» сынып оқушыларымен «Менің елім-Қазақстан»  тақырыбында қашықтықтан  сыныптан тыс ісшара өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыны  қашықтықтан оқыта отырып, жан жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді етіп тәрбиелеу. Сабақта  Әлімхан Айару, Ермұхан Амир, Алишерова Роксана, Абидулла Айзере  Қазақстан мемлекеті туралы мәліметтер айтты. Сонымен қатар Абдуғани Алинур, Абил Мансур, Мадамин Інжу, Тазабек Алдияр өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін өлең шумақтарымен жеткізді.

23.11.20 күні  «Мұражай – рухани мәдениет ошағы» тақырыбында  Ортаева Сая 3 «А» сынып оқушыларымен Алматы қаласындағы орталық мұражайға барып қайтты. Оқушылар мұражайдан көптеген рухани азық алды. Алматы қаласындағы орталық  мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салыныпты.  Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған екен. Орталық мұражай   жеті залдан тұрады. 

Бірінші зал палеонтология және археология кешендерінен тұрады. Палеонтология бөлімінде республикамыздың 300-ден астам орындарынан табылған Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады.

Екінші залда дәстүрлі қазақ мәдениетіне, тұрмысы мен шаруашылығына қатысты заттар: XVII – XIX ғғ. қару-жарақтар, сарбаз сауыттарының бай коллекциясы, зергерлік әшекейлер, киіз-кілем жасау өнерінің, қазақ кестесінің әр алуан үлгілері, ұлттық үрдісте жабдықталған қазақ киіз үйі қойылған. 

Үшінші зал - «Ұлы Отан соғысы және диаспоралардың мәдениеті» залында Қазақстанда тұратын этникалық диаспоралардың тарихы мен этнографиясын паш ететін экспозициялық бөлімдер орналастырылған. 

Төртінші зал Қазақстанның егемендік алған 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтиды. Залда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, ту, әнұран, Конституцияның түпнұсқасы (1995 ж.), мемлекеттік марапаттар, ақша белгілері, маркалар, экономика, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және спорт туралы материалдар, сонымен қатар Қазақстан Президентіне берілген сыйлықтар қойылған.

Бесінші зал “Ашық қор” – “Қазақстанның археологиялық алтыны”. 

Алтыншы зал антропология музейі - Орталық Азиядағы бірегей музей. Экспозиция алғашқы адамдардың өмірінің ең маңызды кезеңдерін бейнелей отырып, ғасырлар қойнауындағы оқиғалар арқауына жетелейді. Экспозиция адамзаттың қалыптасуын: қазіргі адамның даму үрдісін және оның жер бетінде таралуын, расогенетикалық және этногенетикалық тарихын көрсетеді. «Алтайдағы Берел патша (ер мен әйел)қорғаны» диорамасында осы қорғанның толық жаңғыртпасы берілген.

Жетінші залда 1879 жылы Қазақстанға келген орыс суретші-кескіндемешісі, өлкетанушысы, этнографы, Жетісу бөлімін құрушы Николай Гаврилович Хлудовтың (1850-1935) коллек-циялары көрсетілген. 

Аты аталған залдардың ішінен бірінші, екінші, төртінші залда болдық. Әсіресе бірінші залдан көптеген мәліметтер алды. Саяхатты бастаушы түсіндірме жұмыстарын жақсы жүргізді. Мұражайдан кейін оқушылар жақсы әсерлерімен бөлісті.

       24.11.20 күні «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында  Космуратова Айгерим 

3 «Б» сынып оқушылармен сыныптан тыс іс-шара өтті. Сабақтың  мақсаты: балалардың  «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы  түсініктерін  кеңейту. Оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін  дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Сабақтың барысында оқушылар адамның жақсы қаситтерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесті, өз пікірлерін айтты.

-Мейірімділік дегеніміз не?

-Мейірімді деп қандай адамды айтамыз ?

Көптеген тапсырмаларды орындады. Бейнетаспа көріп, сұрақтарға жауап берді.

      25.11.20 күні Мауленова Алия 3 «В» сыныбында «Күз кереметі» тақырыбында               сыныптан тыс сабақ өткізілді. Оқушыларға күз кереметтері туралы ақпараттар берілді. Бейне сабақтар көрсетілді.  Оқушылар   түрлі шығармалар жазып, күз туралы түрлі суреттер салды. Сабақтың соңында оқушылар өздерінің күз кереметі тақырыбына байланысты жасаған жұмыстарымен, салған суреттерімен бөлісті.

       26.11.20 күні 4«А» сыныбында «Мен өнерлі баламын» тақырыбында Сарсенбиева Аякул қашықтықтан сабақ өткізді. Сабаққа сыныптан Азамат Іңкәр, Абаев Мирас, ШакеровЕрнұр, Тұрсынбай Сымбат, Қуат Гүлфайруз қатысты. Бұл сабақта оқушылар өнер жайлы ойларын айта отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Іңкәр шардан көйлек жасаса, Ернұр неше түрлі бояулармен сурет салды. Гүлфайруз пакеттен көйлек тікті. Мирас пен Ернұр өлең айтып, Сымбат өлеңді мәнерлеп оқып, неше түрлі өнерлерін көрсетті. Оқушылар осы сабақта өз өнерлерін ортаға сала отырып, қуанышты сезімде болды. Бар ынта-жігерлерімен сабақтың керемет өтуіне атсалысты. Әр оқушы берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқара білді.

      26.11.20 күні 4 «Б» сыныбында Бегалиева Мария «Мектеп кітапханасы - білімнің қайнар көзі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушылардың қашықтықтан оқу кезіндегі әдеби кітаптарды өз беттерінше оқып, білімдерін жетілдіру. Мектеп кітапханасымен байланыстарын үзбей, білімдерін шыңдауға баулу. Сынып оқушылары бұл іс-шараға белсене қатысты. Үйлерінде бос кездерінде ата-апаларына, іні-сіңлілеріне кітап оқып беретіндерін видеоролик арқылы көрсетті. Қашықтықтан оқу форматына қарамастан, мектеп кітапханасымен тығыз байланыста екендерін оқыған кітаптары жайлы қысқаша мәлімет айтып берді. Зум бағдарламасымен мектеп кітапханасының меңгерушісі Ниязбакиева Надира Мухитдинқызымен байланыста болып, көптеген ммағлұматтар алды. Сынып оқушылары ол кісінің кеңесімен аудиокітаптарды да тыңдап отырады. Балалардың қосымша әдеби кітаптарды, газет-журналдарды оқуға деген ынталары жоғары.

     27.11.20 күні  «Бастауышта қашықтықтан білім беру – заман талабы» онкүндіктің жабылу салтанатты кеші өткізілді. Қорытынды есеп айтылды. Мектеп басшылары онкүндікке өз бағаларын берді. Онкүндікте өткізілген іс-шаралардан түсірілген суреттерден слайд және бейнематериал көрсетілді. Әр сынып өткізген іс-шараларынан видеоролик жасап,  мектеп әкімшілігі инстаграм желісіне салып отырды, өте жоғары деңгейде жақсы қолдау алды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив