Ғабдуллин апталығы
15-19 қараша аралығындағы М. Ғабдуллиннің туғанына орай өткен апталық мәліметі
Биыл М. Ғабдуллиннің туғанына 105 жыл толды. Осыған орай мектебімізде көптеген іс-шараларды қамтыған апталық өтті.
Апталықтың басын 6 «Б» сынып оқушысы Н. Серікқазы батыр жайлы естеліктерді сөйлеткен бейнекөрінісімен бастады. Онда мәліктану ілімін зерттеуші С. Нығыметовтың еңбектерінен үзінділер келтірілген.
6-7-8-сынып оқушылары М. Ғабдуллиннің зиялы қауыммен жазысқан хаттарын оқырман қауымға ұсынды. Атап айтқанда батырдың, Қ. Жармағамбетов, Ж. Жантөбетов, М. Әлімбаев сынды қоғам қайраткерлерімен әдеби-танымдық ой-пікірлерімен ой бөліскен хаттарын оқып түсінген тұжырымдарымен бөлісті. Батырдың қызы М. Мәлікқызының әкесі туралы естелік-хатынан алынған үзінділерінен де өз кезегінде сыр шертілді.
7 орыс және қазақ сыныбымен ZOOM платформасы бойынша өткен «Ұрпаққа үлгі азамат» атты зияткерлік ойыны оқушыларға батыр туралы танымдық, рухани азық берді. Екі тілде жүргізілген бағдарлама М. Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарды қамтыған
3-кезеңнен құрылды. Қатысқан оқушылар жан-жақты жауап беріп, өздерінің сауаттылықтарын көрсетті. Ойынның нәтижесінде оқушылардың барлығы алғырлығы, шеберлігі, білімділігі үшін берілген номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.
Апта соңы оқушылардың М. Ғабдуллинге арналған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуымен жабылды. Ж. Саин, Т. Молдағалиевтердің батырға арнаған өлеңдері оқырман назарына ұсынылды.

