Мұғалім, ата-ана, оқушы үні
Мұғалім, ата-ана, оқушы үні:Кукузова М, Жақанова Ж, Құлман Ә.Е, Турысбек А.Қ
«Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігі.«Оқушы үні» жобасында негізінде оқушылармен пікірлесу, әңгімелесу басшылыққа алынған.Оқушылармен пікірлесу- басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және мұғалімдер мен оқушылар арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс. Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеуі маңызды. Әсіресе, «үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірі ескерілуі тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтардың қамтылуы аса маңызды.
Оқушылармен ашық пікірлесу, әңгімелесу нәтижелі болмады. Мұғалімдердің сабақты қалай өткізетіндігі туралы пікірлескенде тек мақтап айтады, кемшілігін айтпайды. Кемшілігін айту бізге кері әсер етеді деп қорқады. Оны жасырмайды.Сондықтан осы пікірлерді ескере отырып оқушылардың арасына жазбаша түрде бірнеше түрлі сауалнама өткізілді. Сауалнамада да аты-жөнін көрсетпеу, жазуын өзгертіп жазуға болатындығын және мұғалімдер туралы жазылған жағдайларды ашық жарияламау туралы сөз берілді. Сонда ғана олар өз пікірлерін жасырмай жазғандай болды.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ана ның қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім – оқушы - ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
«Сабақтың өзіндік талдауы – мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі». Практикум директордың әдістемелік ісі – жөніндегі орынбасары Қ. Хожахметова
Жас мамандарға педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша практикалық көмек беру арқылы кәсіби түрғыдан сәтті қалыптасты.
Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар туралы жан-жақты мағлұмат берілді.Талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті; дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу; өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу; оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу;сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау; сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру; сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау; сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу; жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы); сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;
«Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді пайдалану және кері байланыс» бастауыш сынып мұғалімдері: «Формативтi бағалау дегенiмiз – оқушының әр сабақта, әрбiр материалды қалай меңгергендiгiн бағалау. Оқушының ағымдық деңгейiн анықтау, келесi сабақта мұғалiм ненi енгiзу керектiгiн бiлуi. Формативтi бағалауды қолдану үшiн алдымен оқушыны өзiн-өзi бағалауға үйрету керек, кейiн жұптық, топтық, критериалды бағалау түрлерiн қолдануға болады».
«Критериалды бағалау –оқушылардың бiлiм жетiстiктерiн ұжыммен келiсiлген, оқу үрдiсiне қатысушыларға алдын-ала белгiлi, оқушылардың негiзгi құзыреттiлiктерiнiң қалыптасуына жағдай жасайтын, бiлiм берудiң мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негiзделген үрдiс».
Алдағы уақытта да сабақ кезеңдерiнде оқушылардың түсiну дәрежесiн жетiлдiре түсетiндей сұрақтар мен тапсырмалар берудi одан әрi дамыта беремiн. Бұл менiң жұмысымның нәтижесiн жақсартады. Оқушының бойында қалыптасуға тиiстi дағды мен шеберлiк мемлекеттiк стандарт талабына сәйкес болу үшiн мұғалiм оқу – бiлiм үрдiсiнде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзу арқылы бiлiм сапасын арттыруға болатынына көз жеткiздiм.