Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Тәлімгерлер

«Менің маман ретінде қалыптасуымда, қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шешем» аты дөңгелек үстел өтті.

Тәлімгердің міндеті – жас маманға өзін - өзі іске қосудың тетіктерін меңгерту, өз жұмысына рефлексия жасап, баға беруге баулу, тұлғаның жекелік қасиеттерінің дамуына көмектесу болып табылады.Тәлімгердің жұмысының нәтижелілігі сондықтан да, тәлім алушы мен оның ұстазының, әріптестер мен басшылар арасындағы өзара әрекеттестік жүйесінің дұрыс құрылуына тікелей байланысты. Олардың ортақ іске қатысты мотивтерінің сәйкес, ортақ мүдделері ұқсас және ақиқатқа деген бірыңғай көзқарасының болулары жұмыстың жемістілігін қамтамасыз етеді. Қорыта келе айтарымыз: болашақ мамандарды дайындауда жаңашыл педагогтардың, педагогика саласындағы озық тәжірибелерді пайдалану, маманның тұрақты өз білімін арттырып, өзіндік рефлексия жасауына ықпал етеді. Қазақта «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» деген ұлағатты сөз бар. Көргені көп ұстаздан тәлім алсаң, өмірде жолыңның оңғарылғаны. Әсіресе, бұл ұжымға жаңа келген жас маман үшін аса маңызды. Ал кәсібиліктіарттыру бағытында жастармен тұрақты, мақсатты жұмыс жасау олардың табыстылығыншығармашылығын арттырады. Тек сондай мамандар ғана өз халқы және Отаны үшін аянбай еңбек етеді деп санаймын.

Бейімделу кезеңінде жас маманның сәтті өтті. Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруға көмек көрсетілді.Тәлімгерлік – бұл тұрақты диалог, тұлғааралық қарым-қатынас, демек, ұстаз, ең алдымен шыдамды  және мақсатқа ұмтылған болуға тиіс. Өз жұмысында жас педагог, ол қолдануға тиіс неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл түрлері: іскерлік және рөлдік ойындар, "шағын топтармен жұмыс", жағдайларды талдау, тілді дамытатын, іскерлік коммуникацияны, жеке көшбасшылық қабілетін, шешім қабылдай білу, дәлелді тұжырымдау деп сараладық..

Жас мамандар қоғамдастығы: «Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары»  Білім алуды жақсартудың қол жетімділігі мен күшті тетігін айқындау. Жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін сабақта тиімді пайдалана алуындағы тәлімгерлер мектебі.                                       Оқушы оқыту үшін бағалау арқылы бала өз жұмысын ғана емес, басқаның жұмысын саралап, талдап, бағалай алады. Ең бастысы, алдағы жұмысын бағытын анықтай алады. Оқушының жұмысын өлшемдер арқылы бағалау нәтижесін жақсартуға, не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берсе, жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету бойына сенім ұялатады.  Оқушы өзін- өзі бағалау арқылы оқуын қалай жақсартуға болатындығын көре алады. Қызығушылығы артып, белсенді жұмыс жасайтынына осы тәжірибе барысында көз жеткіздім. Бағалаудың нақты шығатын ұтымды жері бағалау критериилері бойынша бағалау болып табылды. Сәтсіздеу жері бірін- бірі бағалаулары. Тым асыра бағалау көрініс тапты. Алдағы уақытта сабақтарымда бұданда басқа бағалаудың түрлерін іздестіріп пайдалана білу, оқушының қызығушылығын арттыру деп алдымы мақсат қойдым. Осы мақсатқа жету үшін ізденіп, оқып, тренермен, әріптестеріммен кеңесе отырып, әліде болса мен білмейтін, оқушы үшін қызықты, нақты баға беретін бағалаудың жолдарын қарастырып, тәжірибемде іске асырамын деп ойлаймын. Осы үш айлық курысты оқу арқылы көп нәрсені үйреніп, жаңаша оқытудың жолдарын үйрендім. Бұл курстың мен үшін үйретері мен берері көп болды. Қазақта « көш жүре түзеледі » деген сөз бар. Бізде үйрене келе тәжірибе барыснда іске асыратыныма сенемін.

Жас маман қоғамдастығының үйымдастырумен  «Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?» Білім алуды жақсартудың қол жетімділігі мен күшті тетігін айқындау  оқушы мен мұғалім пікірін тыңдау арқылы білім берудің тиімділігін арттыруда мектеп психологтары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары пікірталас ұйымдастырды

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив