Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2021

Тілдер күні мерекесі

Патриоттық тәрбие беруде   мектепте әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Соның бірі Қазақстан Республикасының тілдері мерекесі. Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Ол елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Осы орайда 17-21 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттіт тіл – менің тілім» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты. 

 

Апталық аясында оқушылар арасында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінде онлайн мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс инстаграм әлеуметтік желісінде өткізілді. Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Мектеп оқушыларын елжандылыққа, Отан сүйгіштікке, елін, жерін қорғауға, ұлтжандылыққа, еліміздің еңсесін биік, тәуелсіздігіміздің тұғырын жоғары ұстайтын, рухани құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастыру әр бір ұстаздың басты мақсатына айналуы тиіс. Осы орай 1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы-ел тірегі» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында онлайн сынып сағатын  сынып жетекшілер өткізді. «Менің тұңғыш президентім»  тақырыбында 3 «В» сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын А.Мауленова ұйымдастырып өткізді.  «Елі сүйген, елін сұйген - Елбасы» тақырыбында 6 «Б» сыныбында онлайн тәрбие сағаты өткізді. «Менің Елбасымның ерен еңбегі» шығарма байқауын 8-9 сынып оқушылары арасында М.Мергалиева мен Г.Айткажина ұйымдастырып өткізді. «Мой первый президент» тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағатын 4 «Г» сыныбының жетекшісі К.Алманбетова өткізді. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты онлайн концерттік бағдарлама өткізілді.  Президент күніне орай онлайн сурет байқауы ұйымдастырылып өткізілді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив